Ресей жаһандық интернеттен ажыратылуы мүмкін: вице-министр Қазақстанға әсері жайлы айтты
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Ресей жаһандық интернеттен ажыратылған жағдайда Қазақстанда байланыс нашарламайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстанның тек Ресей арқылы емес, әртүрлі торабы бар. Яғни Қазақстанға интернеттен толығымен ажырау қаупі ешқашан төнбейді. Бұл үшін уайымдамаңыздар", – деді Оразбек мәжіліс кулуарында.
Вице-министр "Қазақстанда интернет нашарлай ма?" деген сауалға да "жоқ" деп жауап берді.
"Менің ойымша, нашарламайды. Өйткені Қытаймен арадағы тораптар бізге, мысалы, Еуропадан алатын трафикті сол көлемде алуға мүмкіндік береді", – деді ол.
Айтуынша, цифрлық даму министрлігі барлық ықтимал тәуекелді зерделеп, Қазақстанда интернетке қатысты айтарлықтай проблема болмайды деген болжамға келген.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды