Ресей Қазақстаннан бензин қорын сұраған: Энергетика министрлігі ақпаратты түсіндірді
ҚР энергетика министрлігі Ресейдің Қазақстаннан бензин қорын сұрағаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Бұған дейін бірнеше ақпараттық сайт, оның ішінде әлемдік Reuters агенттігі Ресейдің Қазақстаннан 100 мың тонна көлемінде апаттық бензин қорын құруды, қажет болған жағдайда оны жедел жеткізуді сұрағанын хабарлаған еді.
Мұндай өтініш Ресей мұнай өңдеу зауыттарында жоспардан тыс көптеген жөндеу жұмыстарына байланысты жасалған дейді олар.
"Қазір Ресей Федерациясының Энергетика министрлігінен бізге мұндай сұраныс түскен жоқ. Сондықтан ақпарат расталмайды", – деп жауап берді ҚР энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов.
Еске салсақ, Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғыдан бензин төгіліп кеткен.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған