Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғыдан бензин төгіліп кеткен
Әлеуметік желіде атыраулық оқырмандар мұнай зауытында қондырғының құбырларынан бензин төгілгенін жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайыққа сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі
Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі желіде тараған ақпаратты растады.
"Кеше, 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30-да бутенді олигомеризациялау қондырғысында іске қосуға арналған тікелей айдайтын бензин коллекторынан бос кеңістік табылды. Өнімді жылдам ажырату мақсатында осы желіге 15 кгс/шаршы метр қысыммен су берілді", – деді АМӨЗ баспасөз қызметі.
- West Oil компаниясы: Жұмысшылардың басым бөлігі мұны деструктивті элементтердің әсерімен жасап жатыр
Мекеме өкілі барлық технологиялық қондырғы штаттық режімде, мұнай өнімдерін өңдеу және жөнелту жүзеге асырылатынын айтты.
Еске салайық, 2023 жылы 27 сәуірде Атырау мұнай өңдеу зауытында ауаға жанармай газы шығып жатқанын жаздық.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"