Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Теңге
Фото: iStock/Yevgeniy Sambulov

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысының айтуынша, ең төменгі жалақы 25 мың теңгеге өседі. Бұл өзгеріс 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етпек.

"Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді", – деді Тоқаев.

 

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев инфляция деңгейі әлі де жоғары екенін айтып, Үкімет пен Ұлттық банкке бағаның өсуін тежеуді тапсырған еді

Қарлығаш Асқарова
Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026 12:21