Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент келесі жылды "Жалпыхалықтық құрылыс" жылы деп жариялады

Құрылыс
Фото: depositphotos.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында келесі жылы “Жалпыұлттық құрылыс” жылы болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Өз сөзінде Президент қоғам дамуының мүлде жаңа негізін қалыптастыруымыз керек екенін тілге тиек етті. 

“Шын мәнінде, мұны озық технологиялар заманында өскелең ұрпақтың лайықты өмір сүруіне жол ашатын ұзақ мерзімге арналған жалпыұлттық миссия деуге болады. Цифрлық дәуір қаншалықты күрделі, қиын, тіпті қауіп-қатерге толы болса да, біздің мақсат-мұратымыз өзгермейді”, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ президент биыл облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге кірісу керектігін айтты. 

“Осылайша, жасанды интеллект дәуіріне біздің жалпыхалықтық жауабымыз – құру, тағы да құру! Атап айтқанда, жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастау қажет. Сондай-ақ барлық аймақта шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтеруі керек. Әрине, тұрғын үй салу да маңызды міндет болып қала береді” – деді Тоқаев.

Өз мәлімдемесінде Президент Конституцияда жазылған заңға тоқталды. Айтуынша, халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалды. Осы бастамалардың барлығы ел игілігі, әсіресе өскелең ұрпақтың қамы үшін қолға алынып отыр.

Еске сала кетейік, өз жолдауында мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының басшысы Дженсен Хуанг Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллектінің тәсілдерін енгізетін кез келгенін тілге тиек ете отырып, осы істі қолға алу керектігін айтты.

 

Ислам Әден
Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026 12:14