Жаһандық ашаршылық болса, Еуразия азық-түлікпен қамтамасыз ететін негізгі орталық болуы әбден ықтимал – Тоқаев
Өз жолдауында мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының басшысы Дженсен Хуанг Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллектінің тәсілдерін енгізетін кез келгенін тілге тиек ете отырып, осы істі қолға алу керектігін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Президенттің сөзінше, осы жағдайды реттеп алса, әлемдік ауқымдағы азық-түлік тапшылығы, яғни жаһандық ашаршылық туындаған жағдайда Еуразия азық-түлікпен қамтамасыз етеді.
“Елімізде ірі су көздеріне жақын орналасқан үлкен аумақты алып жатқан жер алқаптары бар. Сол жерлерді суармалы егіншілікке пайдалану дәстүрлі дақылдардың өнімділігін 2-2,5 есе көбейтуге ықпал етеді. Жаңа алқаптарды игеру кезінде су үнемдеудің озық тәсілдерін және агрохимиялық технологияларды қолдану аса маңызды. Бірақ елімізде бұл жұмыстың тиімділігі әлі де төмен”, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ президент елімізде су мәселесі туралы да айта кетті. Сөзінше, Үкімет пен әкімдіктер су тұтынуды бақылауды күшейтіп, су құбырлары желілеріндегі шығындарды азайтуға және ауызсуды мақсатсыз пайдалануға, соның ішінде автокөлік жуу орындарында қолдануға жол бермеуге тиіс.
“Менің тапсырмам бойынша Үкімет су тұтыну саласында ауқымды тарифтік реформаны бастады. Енді бұл реформаны толық аяқтап, қисынды нәтижесіне жеткізу қажет. Суға ұқыпты қарау шаруашылық жүргізудің міндетті қағидатына айналуы керек. Су ресурстарын толық әрі нақты есепке алу үшін цифрлық құралдарды кеңінен пайдалану аса маңызды. Бұл жаңа өндіріс орындарын жоспарлау кезінде негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан Үкімет Ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесін құру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауы керек”, – деп мәлімдеді Тоқаев.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында "Балқаш" атом электр станциясының құрылысын келесі жылы бастауды, сондай-ақ "Мойынқұм" АЭС құрылысына дайындықты жеделдетуді ұсынды.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты