Ресей Қазақстанға коронавируспен күресте көмектеспекші
Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесіп, бірқатар мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әңгіме барысында COVID-19 таралуына қарсы бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.
Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмектер мен шығыс материалдары бар тест-жүйелер түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сондай-ақ инфекциялық госпитальдар мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды жіберуге дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"