Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Райм күзетшімен жүр": Ерке Есмахан камерадан не үшін тығылып қалғанын түсіндірді

Танымал әнші Ерке Есмахан TikTok желісіне тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнер иесі жолдасы Райм сахнаға шығып бара жатқанда камераға көрінбей жүгіріп өткен. 

“Бізде TikTok жоқ. Сол үшін өзіміз туралы анау-мынау әңгімелерді көрмей қаламыз. Бүгін бала күтушім күшті деп бір видео жіберіпті. Қарап күлдім. Негізі бұл жерде менің ойым: Назар мен Райм сахнаға ән айтуға келе жатқанын түсіріп жатыр. Күзетшісіне қабаттаспай кетіп қалайыншы қасынан деп қашқанмын. Сөйтсем сол тоңқаңдап жүгіріп бара жатқаным шығыпты ғой жарыққа. Бірақ тыңдарман басқа мағына тауыпты. Райм, менің қамқоршым!”, – деп түсіндірді әнші. 



Желі қолданушылары әншінің іс-әрекетіне түрлі болжам жасап, жазып жатқан еді.

“Еден жуушы апалар сияқты”, “Кімнен қашып жүр?!”, “Мәдібек пен Райм күзетшімен шығатын болған ба?”, “Еркенікі дұрыс. Еркектің алдын кеспей өтті”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

@bakbergensa не дид #райм #врек #ерке #алматы ♬ Жаным-ау, сен - RaiM
Талқылау