2023 жылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы пітір-садақа мөлшерін белгіледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рамазан айында берілетін пітір-садақа мөлшері қандай болатынын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. Елордада өткен баспасөз мәслихатында ол пітір 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелгенін түсіндірді.
“Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады”, - деді Бас муфти.
Айта кетейік, барша мұсылмандары үшін қасиетті Рамазан айы 23-ші наурызда басталады.
2023 жылға Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.