Құрылтай депутатын сайлау: Қай аймақ дауыс беру көрсеткіші бойынша көш бастады
Орталық сайлау комиссиясы ағат 12:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы жөнінде деректер ұсынды. Әзірге белсенділігі бойынша Қызылорда мен Жетісу облысы көш басында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 12.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынадай:
1. Астана қаласы бойынша – 35,28%.
2. Абай облысы бойынша – 38,51%.
3. Ақмола облысы бойынша – 39,57%.
4. Ақтөбе облысы бойынша – 42,53%.
5. Алматы облысы бойынша – 39,05%.
6. Атырау облысы бойынша – 35,84%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 35,49%.
8. Жамбыл облысы бойынша – 35,54%.
9. Жетісу облысы бойынша – 47,29%.
10. Қарағанды облысы бойынша – 40,56%.
11. Қостанай облысы бойынша – 34,72%.
12. Қызылорда облысы бойынша – 47,59%.
13. Маңғыстау облысы бойынша – 34,68%.
14. Павлодар облысы бойынша – 35,74%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 38,13%.
16. Түркістан облысы бойынша – 43,14%.
17. Ұлытау облысы бойынша – 34,93%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,89%.
19. Алматы қаласы бойынша – 17,87%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 41,60%.
Жалпы еліміз бойынша сағат 12.00-де 4 670 816 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,05%-ына тең. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 14.00-де беріледі.