Қазақстаннан Ресейге жаттығу үшін әскери техника мен әскерилер жеткізіледі
Қазақстан аумағынан Ресейге әскери техника мен жеке құрамды тасымалдау жоспарланып отыр. Шара Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының оқу-жаттығуларына байланысты жүзеге асырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ресей аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының “Өзара іс-қимыл – 2026”, “Іздеу – 2026” және “Эшелон – 2026” оқу-жаттығулары өтеді. Осыған байланысты 21 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Қазақстаннан Ресейдің Челябі облысындағы Мисящ станциясына дейін және кері бағытта әскери техника мен жеке құрам теміржол арқылы тасымалданады.
Оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкерлер далалық сабақтарға қатысып, саптық дайындық, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау дағдыларын пысықтайды.

Іс-шаралар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық бойынша бекітілген жоспарларына сәйкес ұйымдастырылады.
Айта кетейік, “Өзара іс-қимыл”, “Іздеу” және “Эшелон” оқу-жаттығулары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің аумағында кезекпен тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Осыған байланысты азаматтардан, БАҚ өкілдерінен және әлеуметтік желі қолданушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпау сұралды. Ресми дереккөздер жариялаған мәліметтерге ғана сүйену қажет.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда сарбаздарды әскер түрлеріне бөлуді енді жасанды интеллект жүзеге асыратыны туралы жазған едік.
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
