Қазақстанға келген ресейлік туристер қымыз ішемін деп, өлімнен аман қалды
Екі ресейлік турист Қазақстандағы мейрамханада қымыздың дәмін татқаннан кейін, оларда қатты аллергиялық реакция пайда болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Baza Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ярослава мен Рената есімді апалы-сіңілі ұлттық сусыннан бірнеше жұтым ішкен. Көп ұзамай екеуінің де беттерінде ісіну, тамақтарында ауру сезімі және тыныс алу қиындай бастаған.
Қыздар жақын маңдағы дәріханаға барып, антигистаминдік дәрілер қабылдады. Ярослава көп ұзамай өзін жақсы сезінді, бірақ Ренатаның жағдайы нашарлай берді. Денесінде бөртпе пайда болды, тыныс алуы қиындады. Олардың біріне жедел медициналық көмек қажет болды.

Куәгерлер жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер ауыр зардаптар пайда болғанға дейін “Квинке” ісінуінің белгілерін жеңілдете алды.
Апалы-сіңлінің айтуынша, дәрігерлер бірнеше күн антигистаминдік дәрілер қабылдауды ұсынды. Бұған дейін басқа ашытылған сүт өнімдеріне ұқсас реакциялар қыздарда байқалмаған көрінеді.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан