Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар полицияға телефонының құпиясөзін беруге міндетті ме: Заңгер жауап берді

Телефон және құпиясөз
Фото: istockphoto.com

Заңгер қазақстандықтар полицияға телефонның құпиясөзін беруге міндетті ме деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Заңгер Гүлайым Есенова қазақстандықтар тергеу әрекеттері барысында телефон тәркіленгеннің өзінде де құқық қорғау органдарына телефонының құпиясөзін айтуға міндетті емес екенін мәлімдеді.

Заңгердің айтуынша, мұндай талаптар телефон тәркіленгеннен кейін жиі айтылады, алайда құпиясөзді мәжбүрлеп ашқызуға заңды негіз жоқ.

"Телефоныңызды алып қойғаннан кейін бірден: “Құпаиясөзін айтыңыз” дейді. Тоқтаңыз. Құпаиясөз сіздің жеке ақпаратыңыз, оны ешкімге айтуға міндетті емессіз. Қысым жасалса да, асықтырса да, “әйтпесе жағдайыңыз нашарлайды” десе де", – дейді Гүлайым Есенова. 

Заңгер құпиясөзді беруден бас тарту заң бұзушылық ретінде қарастырылмайтынын атап өтті.

"Телефон тек белгіленген рәсім бойынша ғана тәркіленуі мүмкін, бірақ сізді құпиясөзді ашуға мәжбүрлей алмайды. Сіз адвокат талап етуге, үндемеу құқығыңызды пайдалануға және өзіңізге қарсы айғақ бермеуге құқылысыз", – дейді адвокат.

Сондай-ақ заңгер мұндай жағдайларда әрекет ету үлгісін де атап өтті.

"Еркін жауап беріңіз: “Мен құпиясөзімді бермеу құқығымды пайдаланамын. Адвокаттымды жіберулеріңізді сұраймын” деп айтыңыз. Ашуланбай, ақталмай, қысқа әрі нақты", – дейді заңгер. 

Оның айтуынша, бұл тергеу әрекеттері барысында қысымды азайтады.

Еске салсақ, бұған дейін енді кез келген қазақстандық жеке дерегінің тарап кеткен-кетпегенін арнайы платформа арқылы біле алатыны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 25 Мамыр, 2026 20:36