Қазақстанда QR-код арқылы төлем жасау жүйесі 7 шілдеден бастап өзгереді

Ұлттық банк Қазақстанда төлемдер мен аударымдарға арналған бірыңғай QR жүйесін енгізу келесі аптадан басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банк Алматыда қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, екінші деңгейлі банктердің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесуде екінші деңгейлі банктердің мобильді төлемдердің банкаралық жүйесіне қатысу мәртебесі, сондай-ақ мобильді аударымдар мен QR-төлемдер сервисін енгізу бойынша келешек қадамдар талқыланған.
“Биылғы 7 шілдеден бастап бірыңғай QR жүйесін кезең-кезеңімен кеңейтіп, оны 2026 жылғы 19 шілдеде толыққанды іске қосу жайында шешім қабылданды”, – делінген хабарламада.
Осылайша, Қазақстанда 19 шілдеде сатушыда қай банкке тиесілі QR-код орнатылғанына қарамастан, сатып алушыларға өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы төлем жасауға мүмкіндік беретін бірыңғай QR-код жүйесі толық іске қосылады.
Жүйе 7 шілдеден бастап кезең-кезеңімен енгізіле бастайды.
Еске салсақ, бұған дейін 19 шілдеден бастап Қазақстанда барлық банкке ортақ бірыңғай QR жүйесі іске қосылатыны туралы жазған едік.
"Болашақ ойындары – 2026": Ауқымды сайыста Қазақстан намысын кімдер қорғайды
Оқыңыз