Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Қазақстан көмір қоры бойынша әлемде 10-орында, ол қазіргі өндіріс қарқынымен 300 жылдан астам уақытқа жетеді. Мұны үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет отырысында көмір саласының қазіргі жағдайы мен даму жоспарлары туралы айтылды. Энергетика министрі Қазақстанның көмір өнеркәсібі елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызды екенін айтты.


Қазақстанның шығысында жүздеген миллиард теңгеге көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО салынбақ


Тоқаев жылу электр станцияларына "таза көмір" технологиясын енгізуді ұсынды


Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, еліміз көмір кенінің қомақты қорына ие және әлемде 10-орында тұр. Бұл өндірудің қазіргі көлемімен алғанда 300 жылдан астам уақытқа жетеді дейді министр.

“Ірі көмір кен орындары Орталық Қазақстанның екі негізгі аймағында орналасқан. Олар – Қарағанды мен Торғай көмір бассейніндегі Шұбаркөл және Жалын кен орындары. Солтүстік-шығыс аймақта Екібастұз көмір бассейні, Майкүбі көмір бассейні, Қаражыра кен орны бар. Еліміздегі көмір қорының көлемі – 33,6 млрд тонна”, – деді Ерлан Ақкенженов.

Айта кетейік, бұған дейін Алматылықтар көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясын жабуды талап етіп жатқаны туралы жазған едік.

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 10:59