Тоқаев жылу электр станцияларына "таза көмір" технологиясын енгізуді ұсынды

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, көмірді дұрыс пайдалану керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан көмірге бай және осы стратегиялық артықшылықты дұрыс пайдалануы тиіс.
Президент Қазақстанның табиғи ресурстарын және өндірістік әлеуетін ескере отырып, электр қуатын басқа елдерден сатып алмауымыз керегін айтты.
“Түптеп келгенде, бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Бұдан бөлек, еліміздің зор энергетикалық мүмкіндігін тиімді қолдану қажет. Қазақстан – көмірге бай ел. Жыл сайын 110 миллион тоннадан астам көмір өндіріледі. Осы стратегиялық артықшылықты дұрыс пайдаланған жөн. Біз заманауи үлгідегі “таза көмір” технологиясына тезірек көшуіміз керек. Сол арқылы көмір станцияларының тиімділігін арттыра түсеміз”, – деді ол.
Бұдан бөлек, Курчатов қаласында жылу электр станциясын, Көкшетау, Семей, Өскеменде жылу электр орталықтарын салуды ұсынды.
“Осы нысандардың барлығына "таза көмір" технологиясын енгізу керек деді. Шындығын айтсақ, бұл жобалардың жүзеге асуы әбден созылып кетті. Енді ары қарай күтуге болмайды”, – деді Тоқаев.
Еске салсақ, бұған дейін жиында президент салада таяу жылдары атқарылатын нақты жұмыс бағыттарын айтқан еді.
Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері