Алматылықтар жылу электр станциясының кесірінен денсаулығы сыр беріп жатқанын айтып, шағымданды.
“Сенатқа жолданған өтініште тұрғындар ауа сапасының нашарлауына, денсаулығының сыр беруіне, үйді желдете алмай, шығарындыларды үнемі көзге көрінуіне шағымданды”, — деп мәлімдеді қоғамдық ұйымдар.
Шағым сенатқа жолданды. Ондағы көтерілген негізгі мәселе – жылу электр станциясының Алматының ауасын ластауы.
Өтініште бірнеше талап көрсетілген:
- Тәуелсіз экологиялық сараптама жүргізу және оның нәтижелерін жария ету;
- Қала аумағында көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО-ны пайдалану заңдылығын құқықтық бағалау;
- Лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін белгілеу;
- Көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО-ны кезең-кезеңімен жабу туралы шешім қабылдау;
- Нақты іске асыру мерзімдерімен баламалы энергия көздеріне өту.
Еске салайық, Тоқаев жылу электр станцияларына “таза көмір” технологиясын енгізуді ұсынған еді.
