Шымкентте тойдан шыққан жастар 200 мың теңге үшін көлікпен жарыс ұйымдастырған

Шымкентте 200 мың теңге үшін басын қатерге тіккен жастар ұсталды. Олар қала көшелерін жарыс алаңына айналдырып, қауіпті маневр жасап, бір-бірінің көлігін соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Желөкпе жігіттер діттеген жеріне кім бірінші жетсе, соған 200 мың теңге беріледі деп бәстескен. Осылайша мейрамханадан шыққан автокортеждің ерсі жүрісі айналасына қауіп төндірді.
Қауіпті жарысқа қатысқандар әбес әрекетін еш қысылмай әлеуметтік желіге жариялаған. Жолдағы жүгенсіздікке наразы желі қолданушылары мұндай бассыздыққа қатаң шара қолдану керек екенін жаппай жазды. Көп ұзамай, полиция жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған тоғыз жүргізушінің жеке басын анықтап, көліктерін айыптұраққа қойған. Құқық бұзушыларға бірнеше әкімшілік бап бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Ал төрт жігіт әкімшілік қамауға алынды. Полиция мұндай заңсыз әрекет жазаланатынын тағы бір мәрте еске салды.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”