Ер адам әйелімен ажыраспау үшін балгерге жүгініп, оны дуалауға тырысқан

АҚШ-та әйелінің ажырасу туралы шешімін өзгерту үшін балгерлердің көмегіне жүгінген ер адам оны өлтірді деп танылды. Сот 44 жастағы Ларри Миллетті бес жыл бұрын із-түзсіз жоғалған жұбайының өліміне кінәлі деп тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Майя Миллете 2021 жылғы 7 қаңтарда байланысқа шықпай қалған. Бұған дейін ол күйеуіне:
“Қаласаң да, қаламасаң да, мен ажырасуға арыз беремін”, – деп хабарлама жіберген.
Сондай-ақ жақындарына отбасындағы қысым туралы айтып, адвокатпен кеңесуге жазылған.
Ларри ажырасуға қарсы болған. Тергеу деректеріне сүйенсек, ол әйелін райынан қайтару үшін балгерлерді жалдап, дуалау немесе арбау рәсімдерін жасатуға тырысқан. Бұл әрекеттер нәтиже бермеген соң, интернеттен әйелін қалай жарақаттап, әрекетке қабілетсіз етуге болатынын іздеген.
ОқыңызПолиция ерлі-зайыптының үйінен аса улы өсімдік – у балдырғанын тапқан. Тергеушілердің айтуынша, Ларри бұл өсімдік туралы интернеттен ақпарат іздеген.
Бейнебақылау камералары Майя жоғалғаннан кейін екі күн өткен соң Ларридің туысының көлігіне мұздатқыш тиелгенін түсіріп алған. Алайда әйелдің үйден шыққан сәті ешбір камераға түспеген. Көршілердің бейнежазбасынан оның жоғалған түні бірнеше қатты соққының даусы естілген.
Майяның денесі әлі күнге дейін табылған жоқ. Айыпталушының адвокаттары қылмысты әйелдің көңілдесі жасаған деп мәлімдеген. Алайда күдікке ілінген ер адамның сол уақытта әйелінің босануына қатысқаны анықталып, алибиі расталған.
Сот Ларри Миллетті кінәлі деп таныды. Оған қандай жаза тағайындалатыны әзірге белгіленген жоқ.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды