"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы денсаулық сақтау вице-министрі болды
Денсаулық сақтау министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, үкімет қаулысымен Нұрлыбек Әбібуллаұлы Асылбеков денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.
Ол 1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының филиалын, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы "Фармация" РПП-де провизор-технолог ретінде бастаған.
1991–1994 жылдары – "Фармация" РПП директорының орынбасары, Шымкент облысы.
1994–2000 жылдары – "Фармация" АҚ-ның аудандық филиалы директорының орынбасары, бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы.
2000–2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының бас маманы.
В 2002–2012 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарындағы, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларындағы басқармалары мен департаменттерін басқарған.
2012–2015 жылдары – ҚР Премьер-министрі Кеңсесі бөлімінің бас сарапшысы.
2015–2017 жылдары – Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.
2017–2022 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
2022–2025 жылдары – Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып жұмыс істеген.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Нұрлан Сауранбаевты көлік министрі лауазымынан босатып, орнына Әсел Жанасованы тағайындағаны туралы жазған едік.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін