Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иракта Дональд Трампқа қастандық жасау үшін 10 миллион доллар сыйақы тағайындады

Трампқа қастандық
Фото: David Maxwell / EPA / ТАСС

Иранды қолдайтын "Ирактағы исламдық қарсылық" қарулы тобы АҚШ президенті Дональд Трампқа қастандық жасау үшін 10 миллион доллар көлемінде сыйақы жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shafaq News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, ұйымның мәлімдемесінде бұл қаражат содырлар мен қозғалыс жақтастарының ерікті қайырымдылықтары есебінен жиналғаны айтылған. Топ мұндай шешімді Иран генералы Қасем Сүлеймани мен Ирак жасағы қолбасшысының орынбасары Әбу Махди әл-Мухандистің қазасына қатысты Трамптың жақында айтқан сөздеріне жауап деп атаған.

Сүлеймани мен әл-Мухандис 2020 жылдың қаңтарында Бағдадта америкалық ұшқышсыз ұшақтың соққысынан қаза тапқан.

Shafaq News мәліметінше, АҚШ президенті Ирак премьер-министрі Әли әз-Заидимен кездесу кезінде 2020 жылғы операциядағы өзінің рөлін де атап өткен. Осыдан кейін әл-Мухандистің отбасы Трамптың сөздерін де, Ирак премьер-министрінің реакциясын да сынға алған.

Қарулы топтың мәлімдемесі Трампқа қарсы қастандық дайындалуы мүмкін деген ақпарат тараған тұста жасалды. Бұған дейін CNN Израиль Вашингтонға Иранның АҚШ президентін өлтіру жоспары болуы мүмкін екені туралы барлау деректерін бергенін хабарлаған. Алайда телеарна мәліметінше, АҚШ әзірге бұл ақпаратты тәуелсіз түрде растай алмаған.

Назархан Уән
Жұма, 17 Шілде, 2026 22:33