Қазақстанда енді музыкалық аспаптарды қол жүгі ретінде ұшақ салонына тегін алып кіруге болады
Қазақстанда әуе тасымалы ережелеріне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Көлік министрлігі енді алғаш рет музыкалық аспаптарды қол жүгінің бірі ретінде, ұшақ салонына алып кіруге рұқсат берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түзетулер әуе көлігіндегі жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелеріне енгізілуде. Бұл бастама азаматтардан түскен көптеген өтініштерге байланысты көтерілген.
Аспаптардың өлшемі, соның ішінде домбыра мен қобыз, 110×35×30 сантиметрден аспауы керек, ал салмағы 10 килограмнан жоғары болмауы тиіс.
Егер музыкалық аспап жалғыз қол жүгi ретінде алынса, ол тегін тасымалданады. Ал егер ол белгіленген нормадан тыс қосымша жүк ретінде алынатын болса, жолаушы авиакомпания тарифіне сай ақы төлейді.
Бұған дейін музыкалық аспаптарды тасымалдауға қатысты нақты бірыңғай ереже болмаған, олар жалпы багаж және қол жүгi нормалары бойынша ғана қарастырылып келген.
Бұл өзгерістер 2026 жылдың мамыр айының соңына дейін күшіне енбек.
700 мың теңге бопсалады деген блогер полицияны үш рет жазықсыз түрмеге қамады деп айыптады
Блогер: "2021 жылы 3 ай 21 күнге, 2023 жылы 2 айға, 2024 жылы 1 жыл 6 айға қамалдым"
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
