Қазақстан әуежайлары үздіктер рейтингінде Барселона мен Анкара әуежайларын басып озды
Фото: 2GIS
Астана мен Алматы әуежайлары әлемдегі бірнеше ірі әуежайларды артта қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халықаралық AirlineRatings порталы әлемдегі ең үздік әуежайлар мен әуе компанияларының жылдық рейтингін жариялады.
“2025-2026 жылғы Әлемдік әуежайлар зерттеуі аясында бүкіл әлемнен келген әуе саяхатшыларының дауыс беру нәтижелеріне негізделген 2026 жылғы әлемнің 100 үздік әуежайы рейтингімен танысыңыз”, – делінген кіріспеде.
Рейтингте Сингапурдағы жалғыз халықаралық әуежай Changi Airport көш бастады. Бұл марапат әуежайға тарихында 14-ші рет беріліп отыр.

Қазақстандық мегаполистердегі екі әуежай да рейтингтегі алғашқы жүздікке енді. Астана халықаралық әуежайы 86-орында болса, Алматы әуежайы 89-орынға жайғасты.
Ал тізімнің ең соңында Португалияның халықаралық әуежайы орналасқан.
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.