Қазақстанда доллар бағамы күрт төмендеді
Қазақстанда доллар-теңге айырбастау бағамы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күнделікті сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген айырбастау бағамы 7,45 теңгеге төмендеп, 468,88 теңге болды. 14 шілдедегі Ұлттық банктің ресми айырбастау бағамы – бір долларға 477,11 теңге.
Алматы айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа айырбастау бағамы:
- сатып алу – 469,35 теңге;
- сату – 472,44 теңге.
Астана айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа айырбастау бағамы:
- сатып алу – 468,03 теңге;
- сату – 475,03 теңге.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің бірінші жартыжылдықта долларға қатысты 5,1% нығайқанын хабарлады. Оның айтуынша, бұған мыналар ықпал етті:
- орташа қатаң ақша-несие саясаты,
- қазақстандық мемлекеттік бағалы қағаздарға резидент еместердің жоғары сұранысы,
- үкімет пен Ұлттық банктің инфляцияны төмендету бойынша бірлескен шаралары,
- қолайлы сыртқы жағдайлар.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар