Қазақстанда бірыңғай QR коды қосылған соң дүкендер картамен төлем жасауға тыйым сала ала ма – Ұлттық банк жауап берді
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бірыңғай QR кодының іске қосылуына байланысты қазақстандық кәсіпкерлер картамен төлем жасауға тыйым сала ала ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол мұндай тәжірибе бизнес үшін тиімсіз болатынын, себебі барлық азамат банк қосымшаларын пайдалана бермейтінін айтты.
"Айталық сізде шағын жергілікті дүкен бар. Сізде QR кодтарын да, карталарды да оқи алатын машиналар бар. Оларды неге өшіресіз? Не, енді карталарды оқи алмайсыз, тек QR кодтарын оқи аласыз ба? Жоқ, ешкім мұны істемейді, себебі сіз тұтынушыларды жоғалтуыңыз мүмкін", – деді Сүлейменов брифингте.
Ол заңнамада бірыңғай QR код арқылы жасалған төлемдер үшін банк комиссиялары банк картасымен жасалған төлемдер үшін алынатын комиссиялардан жоғары болмауы керек деген ереже бекітілгенін қосты. Сондықтан кәсіпкерлер үшін төлем әдісі маңызды емес.
Айта кетейік, қазақстандықтар 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-мен төлем жасай алады.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"
