Қазақстанда басшылар мен қатардағы қызметкерлердің жалақысының айырмашылығы қандай
Ұлттық статистика бюросы елдегі қызметкерлердің мамандықтары мен лауазымдары бойынша жалақы көрсеткіштерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026 жылы сәуірде Ұлттық статистика бюросы қызметкерлердің есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлінуіне жыл сайынғы зерттеу жүргізген. Зерттеуге сәуір айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қатысты. Есепте қосымша төлемдер, үстемеақылар, сыйақылар, салықтар мен зейнетақы жарналары ескерілген.
Іріктемелі зерттеу нәтижесінде ұйымдар мен кәсіпорындардағы қызметкерлер саны – 3 миллион 378,6 мың. Оның 48,1%-ы – ерлер (1 миллион 626,4 мың адам), ал 51,9%-ы – әйелдер (1 миллион 752,2 мың адам).
2026 жылы жалақысы жоғары санатқа ауысқан қызметкерлердің саны одан сайын артқан.
Мысалы, жалақысы:
-
100 мың теңгеге дейінгі қызметкерлердің үлесі 3,3%-дан 2,3%-ға дейін төмендеген;
-
100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін жалақы алатындардың үлесі 43%-дан 39,3%-ға азайған;
-
300 мың теңгеден жоғары жалақы алатындардың үлесі 53,7%-дан 58,4%-ға өскен.
Зерттеудің қорытындысы бойынша, 2026 жылы ірілендірілген тоғыз кәсіптік топтың барлығында орташа айлық атаулы жалақы өскен.
2025 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп, құрылыс және көлік салаларындағы жұмысшылардың жалақысы ең көп өскен. Олардың табысы 13,1%-ға артқан. Ал жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілердің жалақысы 10,4%-ға көбейген.
Өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларындағы жұмысшылардың атаулы жалақысы да артқан.
Жекелеген мамандықтар мен лауазымдар бойынша жалақы
2026 жылы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы олардың мамандығы мен атқаратын қызметіне қарай әртүрлі болған. Ұйым басшыларының орташа айлық жалақысы – 1 миллион 101,1 мың теңге.
Инженерлік-техникалық мамандардың жалақысы:
- Инженерлер – 702 мың теңге;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженерлері – 645 мың теңге;
- Инженер-технологтер – 617 мың теңге;
- Инженер-энергетиктер – 615,1 мың теңге;
- Техниктер – 314,7 мың теңге.
Медицина қызметкерлерінің жалақысы:
- Дәрігерлер – 491,4 мың теңге;
- Фармацевтер – 347,7 мың теңге;
- Фельдшерлер – 313,6 мың теңге;
- Медбикелер – 264,6 мың теңге.
Басқа мамандықтар бойынша:
- Бухгалтерлер – 398,6 мың теңге;
- Жүргізушілер – 328,1 мың теңге;
- Аспаздар – 192,6 мың теңге;
- Күзетшілер – 174,2 мың теңге.
Көрсеткіштер жылына бір рет қызметкерлердің жалақысы туралы статистикалық зерттеу арқылы есептеледі. Халықаралық талаптарға сай, маусымдық сыйақылар мен демалыс ақысын есепке алудың әсерін азайту үшін зерттеу сәуір айындағы жалақы негізінде жүргізіледі.
Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды
