Қазақстанда банктік қосымшалардың қауіпсіздік ережелері күшейтіледі

Қазақстанда енді банктік қосымшаларды қолдану қауіпсіз болады, бірақ оған кіру қиындайды. Шілдеден бастап қосымшаға кіру немесе тіркелу үшін адам бірнеше рет өзі кім екенін дәлелдеуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шілде айынан бастап жүйеге кіру немесе тіркелу үшін азаматтар жеке басын бірнеше рет растауға тиіс. Бұл шаралар алаяқтық жағдайларын азайту және деректердің таралып кетуінің алдын алады.
Жеке басын растау үшін биометрия, электронды цифрлық қолтаңба немесе телефон нөмірін мемлекеттік деректер базасы арқылы тексеруден өтеді. Ал банктік қосымшаларға кіру кезінде кемінде екі деңгейлі қорғаныс жүйесінен өту қажет болады. Атап айтқанда, құпиясөз және Face ID немесе SMS-код және саусақ ізі.
Енді банктер:
- Қосымшаға кіру әрекеттерін тіркеп отыруға;
- Күмәнді белсенділік туралы деректерді сақтауға;
- Кибершабуылдар туралы реттеуші органдарға жедел хабарлауға тиіс болады.
Мамандардың пікірінше, мұндай шаралардың уақыты әлдеқашан келген, себебі соңғы жылдары қазақстандықтар алаяқтардың кесірінен үлкен қаржылық шығынға ұшырады.
"Өкінішке қарай, интернет алаяқтықтың қатты өршіген кезеңін өткізіп алдық. Егер сол кезде жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізгенде, мұның алдын алуға болар еді. Бірақ біз ол жолды таңдамадық, сондықтан қазір бар жағдаймен бетпе-бет келіп отырмыз", – дейді Бекнұр Қисықов.
Мамандардың айтуынша, банктер бұл өзгерістерге алдын ала дайындалған. Қарапайым қолданушылар үшін жүйе күрделене түскенімен, жеке деректер жақсы қорғалады.
QAZTECH ақпараттық қауіпсіздік комитетінің тең төрағасы Евгений Питолиннің пікірінше, пайдаланушылар бұл өзгерісті аса байқамайды.
"Бір рет көпфакторлы тіркеуден өткеннен кейін, әрі қарайғы процесс іс жүзінде байқалмайды", – дейді ол.
Сонымен қатар мамандар ең қатаң ережелердің өзі де көмектеспеуі мүмкін екенін ескертті. Егер қолданушылар өздері қауіпсіздік ережелерін сақтамаса қауіпсіздікті қамтамасыз ету қиын екенін жеткізді.
Бұған дейін дропперлердің студенттерге онлайн банкингке қол жеткізу үшін 200 доллар төлегені туралы жазған едік.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Оқыңыз