Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылындағы мектеп оқушыларының демалыс кестесі бекітілді

Мектептегі оқушылар
Фото: istockphoto.com

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік мәліметінше, жаңа оқу жылы 2026 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2027 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2026 жылдың 26 қазаны мен 1 қарашасы аралығында өтеді.

Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 14 күнге созылып, 2026 жылдың 28 желтоқсаны мен 2027 жылдың 10 қаңтары аралығында өтеді.

Сонымен қатар, бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылдың 8-14 ақпан күндері аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2027 жылдың 22-28 наурыз аралығында өтеді.

Төртінші тоқсан 8 оқу аптасына созылып, 2027 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Сондай-ақ министрлік 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдері бекітілгенін атап өтті. Толық ақпарат оқу-ағарту министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған.

Еске салсақ, бұған дейін 1 қыркүйектен бастап қазақстандық мектептерге жаңа пәндер енгізілетіні туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 30 Шілде, 2026 21:28