"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы қанша жалақы алатынын айтты

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қанша жалақы алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Талғат Алдыбергенов өз жалақысының 1,5 миллион теңге көлемінде екенін мәлімдеді.
"Менің жалақым 1,5 миллион теңгені құрайды", – деді ол журналистерге берген жауабында.
ОқыңызАйта кетейік, бұған дейін Талғат Алдыбергенов компанияның топ-менеджерлеріне төленген сыйақыға қатысты жауап берген еді. Қаржылық есепке сәйкес, сыйақы сомасы 1 миллиард теңгеден асқан.
Талғат Алдыбергенов сыйақы көлемін компания басшылығы емес, алты тәуелсіз мүшеден тұратын директорлар кеңесі бағалайтынын және ол "Самұрық-Қазына" қорының корпоративтік ережелеріне сәйкес анықталатынын атап өтті.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған