"Келіссөздер аяқталуға жақын": Еуропалық Комиссия басшысы қазақстандықтарға визалық режимді жеңілдетуге қатысты пікір білдірді

Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету туралы келісімге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еуропалық Комиссия президенті Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаннан бергі он жыл ішінде өзара сауда көлемі екі еседен асқан.
“Мұның өзі көп жайтты аңғартады. Сонымен қатар түрлі саладағы әлеуетіміз әлі де мол. Біз сауда қатынастарын, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыруға мүдделіміз. Бұдан бөлек, өзара тауар айналымы мен инвестицияға тың серпін беру мақсатында сауда-саттықтағы кедергілерді еңсеру мәселелерін бірлесіп талқылауымыз қажет. Тағы бір мәселе. Визалық режимді жеңілдету және реадмиссиялау жөніндегі келісімдер бойынша белсенді жұмыс қолға алынған. Бұған қатысты келіссөздер аяқталып келеді”, – деді Урсула фон дер Ляйен.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаевтың Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен және Еуропалық Комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөз жүргізгені туралы жазған едік. Келіссөз барысында Тоқаев визалық режимді жеңілдету және реадмиссиялау туралы келісім жобалары бойынша келіссөздердің аяқталғанына ерекше ризашылығын білдірді.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті