Алдағы үш күнде еліміздің біраз аймағында жаңбыр жауады
27-29 тамыз күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Ал кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, ел аумағына солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

Қазақстанның батысында Скандинавия антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз, бұлты аз ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +16…+24 °C аралығында болады.
Солтүстікте күн айтарлықтай салқындап, ауа температурасы +12…+20 °C, ал орталықта +17…+25 °C шамасында болады.
Шығыста күн жылырақ болып, ауа температурасы +23…+30 °C дейін көтеріледі.
Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жылы ауа массасының әсері сақталады. Бұл аймақтарда жауын-шашын болмайды, күндіз ауа температурасы +30…+37 °C аралығында болады.
Айта кетейік, бұған дейін Синоптиктер қазан мен қарашада ауа райы әдеттегіден жылы болады деп болжаған еді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды