Непалдағы су тасқынынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма: Министрлік жауап берді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Непал мен Қытай шекарасы маңындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта Непал мен Қытай шекарасындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары тіркелмеген. Жағдай ҚР Сыртқы істер министрлігінің бақылауында", – деді министрлік өкілі.
Қытайдың Орталық телеарнасының мәліметінше, соңғы мәліметтерге сәйкес, Непалдағы су тасқыны салдарынан 72 адам қаза тапқан.
Еске салсақ, бұған дейін Непалда жойқын су тасқыны болып, 400-ге жуық турист із-түссіз жоғалып кеткені туралы жазған едік.
Қатты жаңбырдан кейін өзендер тасып, елдегі танымал туристік аймақтардың инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келген.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады