"Әрқайсысына 150 миллион теңгеден": Елдегі ұлттық компаниялар 2025 жылы басшыларына қанша сыйақы төлеген

Еліміздегі ұлттық компаниялардың қаржылық есептері табыс пен шығынды ғана емес, басшылықтың нақты қанша табыс табатынын да ашып береді. Stan.kz деректерді сараптай келе, басқарма мен директорлар кеңесіне төленетін сыйақыны олардың санына бөліп, әр басшының жылдық табысын есептеді. Кей компанияларда топ-менеджерлер жылына орта есеппен 150 миллион теңгеден аса табыс тапса, енді бірінде бұл көрсеткіш 20 миллионның айналасында ғана.
ҚазМұнайГаз АҚ
Компанияның қаржылық есебіне сәйкес, 2025 және 2024 жылдардың қорытындысы бойынша негізгі басқарушы персоналға (Басқарма және Директорлар кеңесінің мүшелері) төленген жалпы сыйақы көлемі көрсетілген.
2025 жылы компанияда шамамен 9 басқарушы тұлға бар екенін ескерсек, жалпы есепте 981 миллион теңгеден тиесілі болған. Ал әрқайсысына орта есеппен сыйақы мөлшері 109 миллион теңгеден айналған.
Фото: Компания сайтынан скрин
Ал 2024 жылы басқарушы құрамға 7,5 миллиард теңге төленген. Бір адамға шамамен 840 миллион теңгеден келген. Аталған сыйақы құрамына:
- жалақы
- келісімшартқа сәйкес сыйақылар кіреді
Яғни, бір жыл ішінде басқарушы құрамның табысы айтарлықтай өсіп, әр басшының жылдық кірісі 1 миллиард теңгеге жуықтаған.
Қазатомпром компаниясының 2025 жылғы есебіне сәйкес, басқарма мүшелеріне төленген жалпы сыйақы көлемі 900 миллион теңге деп көрсетілген. Компанияда қазір 6 басқарма мүшесі бар. Сәйкесінше, 2025 жылы әр басқарма мүшесі шамамен 150 миллион теңгеден сыйақы алған.

Фото: Компания сайтынан скрин
Айта кетейік, 2023 жылы басқарма құрамында 7 адам болған, сол жылы оларға жалпы 730 миллион теңге бөлінген. Шамамен бір адамға 104 миллион теңгеден келген. Ал 2024 жылы басқарма мүшелеріне 670 миллион теңге төленген, яғни бір адамға шамамен 95-96 миллион теңгеден тиесілі болған (құрам өзгермеген деп есептегенде).
Яғни, басқарма мүшелерінің саны азайғанымен, әрқайсысына тиесілі сыйақы көлемі айтарлықтай өскен. Сонымен қатар компанияның директорлар кеңесіндегі тәуелсіз мүшелеріне төленген сыйақы да назар аударарлық. 2025 жылы оларға жалпы 150 миллион теңге бөлінген. 2023 жылы тәуелсіз директорларға 180 миллион теңге, ал 2024 жылы 150 миллион теңге) төленген.
Осылайша, тәуелсіз директорлардың сыйақысы салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде сақталғанымен, басқарма мүшелерінің табысы кейінгі жылы айтарлықтай өскені байқалады.
“Қазақтелеком” АҚ

Фото: Компания сайтынан скрин
Аталған шығындар компанияның әкімшілік шығындары құрамында көрсетілген және бүкіл басқарушы командаға төленген төлемдерді қамтиды. Компанияда шамамен 7 басқарушы тұлға бар екенін ескерсек, әрқайсысына орта есеппен 107 миллион теңгеден тиесілі болған.
Алайда жарияланған есепте бұл соманың нақты қанша бөлігі басқарма төрағасына, ал қанша бөлігі басқа басшыларға тиесілі екені ашып көрсетілмеген.
Салыстырмалы түрде, 2024 жылы бұл көрсеткіш 906,6 миллион теңге болған. Яғни, бір адамға шамамен 129 миллион теңгеден келген. Бұл 2025 жылы басқарушы құрамның жалпы сыйақысы азайғанын көрсетеді.
Аталған сыйақы құрамына:
- жалақы
- жыл қорытындысы бойынша сыйақы кіреді
Есептік кезеңде акцияға негізделген төлемдер қарастырылмаған. Яғни, бір жыл ішінде басқарушы персоналға төленетін сыйақы көлемі төмендегенімен, әр басшының табысы әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.
KEGOC АҚ
Компанияның қаржылық есебіне сәйкес, негізгі басқарушы персоналға төленетін сыйақы туралы мәліметтер жарияланған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі басқарушы персоналға төленген жалпы сыйақы көлемі 716,742 миллион теңге деп белгіленген. Компанияда шамамен 10 басқарушы тұлға бар екенін ескерсек, әрқайсысына орта есеппен 71,6 миллион теңгеден тиесілі.
Фото: Компания сайтынан скрин
Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 650,354 миллион теңге деп есептелсе, яғни бір адамға шамамен 65 миллион теңгеден келген. Аталған сыйақы құрамына:
- жалақы
- салықтар мен аударымдар
- аурухана және демалыс төлемдері
- материалдық көмек
- өткен кезеңнің операциялық нәтижелері бойынша біржолғы жылдық сыйақы кіреді
Айта кетейік, 2025 жылы төленген сыйақының бір бөлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша берілген бонус. Яғни, басқарушы құрамның табысы бір жыл ішінде өсім көрсеткенімен, негізгі өсім бонус төлемдері есебінен қалыптасқан.
Қазақстан темір жолы АҚ
Компанияның 2025 жылғы аралық қаржылық есебіне сәйкес, негізгі басқарушы персоналға төленетін сыйақы туралы мәліметтер жарияланған. 2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша компанияның негізгі басқарушы құрамына Басқарма және Директорлар кеңесінің 17 мүшесі кіреді (2024 жылы – 18 адам).
Негізгі басқарушы персоналға төленген жалпы сыйақы көлемі 669 миллион теңге деп көрсетілген. Олардың әрқайсысы 39,4 миллон теңгеден алған.

Фото: Компания сайтынан скрин
Сомаға жалақы шығындары ретінде шоғырландырылған қаржылық есепте көрсетілген. Салыстырмалы түрде, 2024 жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 200 миллион теңге болған.
Аталған сыйақы құрамына:
- еңбекке ақы төлеу,
- есептелген сыйақылар,
- пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін резервтер, операциялық нәтижелерге байланысты өзге де төлемдер кіреді.
Яғни, бір жыл ішінде басқарушы персоналға төленетін сыйақы көлемі айтарлықтай өскенін және компаниядағы басқару шығындарының ұлғайғанын көрсетеді.
Қазпошта АҚ

Фото: Компания сайтынан скрин
Компанияда 6 басқарушы тұлға бар екенін ескерсек, әрқайсысына орта есеппен 30,6 миллион теңгеден тиесілі болған. Салыстырмалы түрде, 2024 жылы басқармаға 182,100 миллион теңге, директорлар кеңесіне 27,613 миллион теңге төленіп, жалпы сома 209,7 миллион теңге болған. Бір адамға шамамен 35 миллион теңгеден келген. Яғни, бір жыл ішінде басқарушы құрамға төленетін сыйақы көлемі азайғаны байқалады.
QazaqGaz АҚ
Компанияның қаржылық есебіне сәйкес, негізгі басқарушы персонал құрамына 8 адам кіреді, оның ішінде 4-еуі тәуелсіз директорлар.
2025 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша (2025 жылғы 30 маусымда аяқталған кезең), негізгі басқарушы персоналға төленген жалпы сыйақы көлемі 155,154 миллион теңгені болды. Олардың әрқайсысына 19,4 миллион теңгеден айналған.
Фото: Компания сайтынан скрин
Салыстырмалы түрде, 2024 жылдың осы кезеңінде көрсеткіш 658,915 миллион теңге болған. Төленген сыйақы негізінен:
- жалақыдан
- және басқа да төлемдерден құралған.
Бұл шығындар компанияның жиынтық кіріс туралы есебінде жалпы және әкімшілік шығыстар құрамында көрсетілген. Яғни, бір жыл ішінде басқарушы құрамға төленетін сыйақы көлемі айтарлықтай қысқарғаны байқалады.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек