Путин Батыс елдері Ресеймен соғысқа дайындалып жатқанын мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путин Батыс елдерін Мәскеуге қарсы соғысқа дайындалып жатыр деп айыптады. Айтуынша, НАТО мен ЕО-ның әрекеттері әскери шиеленісті күшейту болып бағаланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Путиннің айтуынша, Батыс елдері Мәскеуден төнетін әскери қауіп туралы жалған уәждер айтып жүр.
"Батыс елдері Ресеймен соғысқа дайындалып жатқанын ашық айтып, әскери шығындарын көбейтіп жатыр. Бірақ бұл шығындарды ақтау үшін НАТО мен ЕО басшылары Ресей тарапынан төнген қауіп туралы шындыққа сай келмейтін мәлімдемелерді пайдаланып отыр", – деді ол.
Путин сонымен қатар бұған дейін Солтүстік Атлантикалық альянс елдері тек Украина басшылығын қолдаумен шектелсе, қазір Ресеймен қақтығысқа дайындық жөнінде ашық мәлімдемелер жасай бастаған.
Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко Германия тарапынан туындауы мүмкін қауіптер Ресейдің әскери жоспарлауында ескерілетінін айтқан.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"
Оқыңыз