Қазан айында Air Astana ұшақтарында интернет іске қосылмақ
Air Astana ұшақтарында Wi-Fi арқылы интернет пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Интернетке қосылған алғашқы ұшақтар биыл қазан айында ұша бастайды деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Комитет төрағасы Дамир Ерланұлының айтуынша, ұшақтарда интернетті іске қосуға қажетті заңнамалық өзгерістер енгізілген.
"Қазір Air Astana-мен осы мәселені белсенді түрде пысықтап жатырмыз. Интернеті бар алғашқы ұшақтар қазан айында пайда болады деп күтіп отырмыз. Жоба екі бағытта – Viasat және OneWeb компанияларымен бірге жүзеге асырылады", – деді Дамир Ерланұлы.

Ал ұшақтағы интернет билет құнына кіре ме, әлде жолаушылар оған бөлек ақы төлей ме деген мәселе әзірге нақтыланған жоқ. Дамир Ерланұлының сөзінше, қызметтің ақысы мен оны пайдалану шарттарына қатысты нақты ақпаратты Air Astana ұсынады.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан