Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда Зеленский атындағы көше пайда болды

Зеленский көше
Фото: Видеодан скрин

Қарағандының Әлихан Бөкейхан ауданындағы көшелердің біріне Зеленский атауы берілген. Алайда тақтайшалар тек бір күн ілініп, кейін аланып тасталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Көше атауының суреттері әлеуметтік желіде бірден тарап кетті. Алайда бұл жерде Украинаның президентінің еш қатысы жоқ болып шықты. Тек әкімдік көше атауы жазылған тақтайшаларды дайындауды тапсырған мердігер қате жіберген.

Бұған дейін бұл көше 77 жылдан бері химик-ғалым, әлемдегі алғашқы тиімді противогазды жасаған Николай Дмитриевич Зелинскийдің есімімен аталып келген. 

Қате жазылған тақтайшалар сол күні-ақ алынып тасталды.

“Мекенжайлық тақтайшаларды орнату кезінде мердігер ұйым қателік жіберген. Қате анықталғаннан кейін тақтайшалар сол күні алынып тасталды. Оларды ауыстыру және қайта орнату мердігер ұйымның есебінен жүргізіледі”, – деп мәлімдеді Әлихан Бөкейхан ауданының әкімдігі.

Әкімдік қатені жою жұмыстары бақылауда екенін атап өтті. 

Айым Болатқызы
Жұма, 02 Қазан, 2026 09:12