Қазақстанда медицина қызметкерлеріне санитарлық маска тағу міндеттелді
Қазақстанда инфекция жұқтыру қаупінің жоғары болуына байланысты денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне санитарлық маска тағу міндеттелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл шара 1 қазаннан бастап енгізілді.
“Медицина қызметкерлері жоғары қауіп тобына жатады. Өйткені олар медициналық ұйымдарда қызмет көрсетіп, науқастармен үнемі байланыста болады. Сондықтан олар үшін маска тағу міндетті. Бұл жұмыс үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлер арасында ауруға шалдығу деңгейін төмендету үшін қажет”, – деді Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының басшысы Жасұлан Алпысбаев.

Министрліктің мәліметінше бүкіл ел бойынша маска тағу режимін енгізу туралы мәселе қаралып отырған жоқ. ЖРВИ маусымы басталғанына қарамастан, эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Вирустық респираторлық аурулардың қазіргі таралу кезеңі басталғалы бері Қазақстанда шамамен 490 мың жұқтыру жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіштер белгіленген қалыпты деңгейден аспайды.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады