Лас ауадан тұмша бөлшектері алматылықтардың қанынан да анықталды
Almaty Air Initiative қозғалысының белсенділері зертханаға қан талдауын тапсырып, одан қауіпті токсиндер анықталғанын айтты. Сарапшылар дабыл қағып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Эксперимент үшін Almaty Air Initiative қозғалысының белсенділері бес адамды таңдаған. Таңертең олар зертханаға барып, қан тапсырды. Зерттеу басталған кезде барлық талдау нәтижелері қалыпты болған.
Кейін белсенділер серуенге шығып, Алматының көлік көп жүретін көшелерімен жүрген. Белгілі бір бағытты жүріп өткен соң, экспериментке қатысушылар қайтадан қан тапсырды.
“Біз эритроциттерді, яғни қызыл қан жасушаларын микроскоп арқылы қайта қарап шықтық. Сонда қан құрамынан тұмша бөлшектерін байқап, таңғалдық. Олар эритроциттерге жабысып қалған. Мен ауаның ластануының өлім-жітімге әсерін зерттеген ғалымдар тобында да жұмыс істедім. Зерттеу нәтижесінде Алматыда ауаның ластануынан жол-көлік оқиғаларынан 10 еседен көп адам қайтыс болатынын анықтадық”, – дейді Almaty Air Initiative зерттеу және технологиялар департаментінің жетекшісі Равкат Мұхтаров.
Дәрігерлер экологияның нашарлауы ауыр сырқаттарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.
“Психоэмоционалдық жағдайға байланысты асқынулар болуы мүмкін. Өкпе жүйесіне қатысты мәселелер туындайды. Тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары пайда болады. Сондай-ақ жүрек-қан тамырлары аурулары кездеседі. Алматы таулы жерде орналасқан. Бұл фактор да қан тамырлары жүйесіне кері әсер етеді”, – дейді Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының академигі Вячеслав Локшин.
Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, экологияның нашарлауына байланысты мәселелерді шешу үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.
“2025 жылдың соңында Алматыда алғаш рет атмосфералық ауаны қорғау ережелері бекітілді. Бұл ережелер ауаға шығарындыларды азайтуға бағытталған бірыңғай механизм ретінде әзірленді. Құжатта автокөліктерге қойылатын арнайы экологиялық талаптар, шығарындылары төмен аймақтарды енгізу, экологиялық мониторингті күшейту және басқа да шаралар қарастырылған”, – дейді Экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы Надира Бектурова.
Әкімдік өкілдері алматылықтардың тұмша, шаң және басқа да зиянды заттарсыз таза ауамен қашан тыныс алатынын әзірге болжай алмай отыр.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр
