Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда жылу құбырын жаңдан салынған тротуар үстіне тартқан

тротуар үстіне құбыр тартылған
Фото: Сюжет кадрларынан скрин

Теміртауда жаңадан абаттандырылған көшенің көркін жылу құбырлары бұзды. Тұрғындар ыңғайсыздық пен қауіп келтіретін құбырлардың жаңарған жол мен тротуардың үстіне неге шығарып қойғанын түсінбей, наразы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қалаға кіреберісте күрделі жөндеу жүргізілген. Ал күн суыта бастағанда апатты жағдайда тұрған құбырларды ауыстыру жұмыстары басталған. Енді бұл жаңадан төселген брусчатканың үстімен өтіп жатыр. Бұл көшенің көркін бұзып қана қоймай, тұрғындарды алаңдатып отыр.

“Мынаны әдемі, ұқыпты етіп жасауға болмай ма? Олар: "Құбырларды оқшаулаймыз, бәрі әдемі болады" дейді. Қалай әдемі болады? Қараңызшы, тас төсемді қалай бүлдіріп тастаған? Бәрін көріксіз етіп жасаған”, – деді  тұрғын Ольга Николаева. 

Тұрғындардың айтуынша, көшені жоғары лауазымды қонақтардың келуіне орай абаттандырған. Жаңа асфальт төселіп, тротуар мен брусчатка жасалған.

Алайда жылу беру маусымына дайындық кезінде көшенің көрінісі қайта өзгерді. Бұрын шөптің үстінде жатқан жылу құбырлары енді жаңарған жолдың үстіне шығарылған. Тұрғындар бұл құбырлар көшенің көркін бұзып, жаяу жүргіншілерге қауіп төндіруі мүмкін екенін жеткізді.

Коммуналдық компания тұрғындардың талаптарымен келіспейді. Дегенмен құбырлардың төселу тәсілін өзгерту жұмыстары келесі жылға жоспарланғанын мәлімдеді.

“Абаттандыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін жылу желісінің апатты жағдайына байланысты оны ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Жылу желісі бұрынғы сызба бойынша орнатылды. 2027 жылдың жаз мезгілінде құбырларды жерасты тәсілімен төсеуге өзгерту жұмыстары жоспарланады”, – деді "Окжетпес-Т" ЖШС.

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 02 Қазан, 2026 09:05