Түркістан облысында нөсер жауын салдарынан бірнеше ауылда сел жүрді
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше ауылда сел жүріп, су басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде Қосағаш, Ақбастау ауылдарын қалай су басқаны туралы видеолар тарауда. Оқиға 1 қазанда болған.
“Қазір бұршақ жауды. Міне мына сел бәрін жайпап жатыр”, – деді Ақбастау ауылының тұрғыны желіде.
@bagjan.smanov ♬ original sound - AMO 🇳🇬🤲🇩🇿
Тұрғындар желіде нөсер жауынның тоқтамай жауғанын да жеткізді. Кадрларда жол мен ауланың барлығын су басқаны көрінеді.

@user2350478363327 ♬ Сабыр қыл... - Қамар Сұлу
Қазығұрт ауданының әкімдігі ақпаратты растады.
“Қазығұрт ауданында 01.10.26ж. қатты нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше ауылдардан сел өткен. Қазіргі таңда сел өткен аймақтарда жергілікті атқарушы органдар және төтенше жағдай қызметкерлері тиісті шаралар жүргізуде. Арнайы 9 техника, 64 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, тұрғын-үйлердің ауласынан өткен тұрғындарға тиісті көмек көрсетілуде. Адам шығыны мен құлаған үй-жайлар жоқ”, – деді әкімдік.
@dias_0010 #сел #ауыл ♬ оригинальный звук - Dias
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады