Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түнде тұрғын үй ауласында отшашу атып, құттықтау ұйымдастырған қазақстандық әйел айыппұл арқалады

Туған күнмен құттықтау
Фото: Видеодан скрин

Ақтөбе облысы Хромтау қаласының жас кәсіпкеріне анасының немесе клиентінің туған күніне орай ұйымдастырған құттықтауы үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға көпқабатты үйдің ауласында түнгі уақытта болған. Онда "Туған күніңізбен, анашым!" деген баннер ілініп, отшашу атып, қатты музыка қойылған. Полиция бұл әрекетті азаматтардың тыныштығын бұзған құқық бұзушылық деп бағалады.

Әйелге 21,6 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

"Қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда", – делінген полиция хабарламасында.

Бұл жағдайға қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бір тарап ашық аспан астында түнде анасын туған күнімен құттықтаудан еш оғаштық көрмесе, екінші тарап қоғамдық орындарда тыныштық сақтау қажет екенін алға тартқан. 

Еске салсақ, бұған дейін әпкесіне отшашу ұйымдастырған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалған еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 01 Қазан, 2026 21:54