Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық студент сүйіктісінің туған күнінде отшашу атамын деп 5 тәулікке қамалды (видео)

отшашу үшін қамалған жігіт
Фото: Видеодан скрин

Астанада сүйіктісінің туған күнінде кафе маңында салют атпақ болған студент 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Романтикалық кешкі асты кафеде өткізген Қазақ ұлттық спорт университетінің студенті туған күн иесіне тосынсый ретінде отшашу атуды ұйғарған.

Жастар пиротехниканы кафе маңында іске қоспақ болған.

Полицияның мәліметінше, жігіттің әрекеті пиротехникалық бұйымдарды қолдану талаптарын бұзып, айналасындағыларға қолайсыздық тудырған.

Студентке бірден бірнеше құқық бұзушылық бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны және елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды белгіленген талаптарды бұза отырып пайдаланғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот оны кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда түнгі уақытта тыныштықты бұзып, пиротехника қолданатындарға қатысты жауапкершілік күшейтілетіні айтылған. Полицияның мәліметінше, жұмыс күндері сағат 22:00-ден кейін, ал демалыс және мереке күндері 23:00-ден кейін тұрғындардың тыныштығын бұзуға болмайды. Талапты бұзғандарға айыппұл салынады.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 08 Қыркүйек, 2026 12:50