Әпкесіне отшашу ұйымдастырған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды
Астанада түнде отшашу ұйымдастырған ер адам 5 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
34 жастағы азаматтың әпкесін туған күнімен құттықтау мақсатында отшашу ұйымдастырған.
Ер адамның бұл әрекеті түнгі уақытта азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп талаптарын сақтаудың маңызын еске салады. Тұрғындарды азаматтардың тыныштығын құрметтеуге және пиротехникалық бұйымдарды тек рұқсат етілген орындарда, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып пайдалануға шақырады.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда түнгі 12-де отшашу атып, туған күн тойлайтындар жазаланатынын жазғанбыз. Ішкі істер министрлігі тұрғындардан шағым көбейгендіктен тексеріске шығатынын алға тартқан.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр
