Астанада үй ауласында туған күн тойлап, отшашу атқандар қамауға алынды

Астанада тұрғын үйлердің ауласында туған күнмен құттықтап, отшашу атқан бес тұрғын жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұрғындар туған күнді атап өту кезінде пиротехникалық бұйымдар пайдаланған. Қатты жарылыстар тұрғындардың тыныштығын бұзып, балалар мен қарттарды шошытқан.
Сот шешімімен төрт құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, тағы бір әйелге айыппұл салынды.
Полиция тұрғын үйлердің аулаларында отшашу ату қоғамдық тәртіпті бұзатынын және адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін еске салды.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін Қазақстанда түнгі 12-де отшашу атып, туған күн тойлайтындар жазаланатыны туралы жазған едік.
Полицияның айтуынша, заң бойынша жұмыс күндері кешкі сағат 22.00-ден кейін, ал демалыс күндері 23.00-ден кейін тұрғындардың тыныштығын бұзуға болмайды.
Ескертуге көнбегендерге 22 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер құқық бұзушылық қайталанса, әкімшілік жазаның көлемі екі есе ұлғаяды. Қазір еліміздің барлық өңірінде тәртіп сақшылары көшеде ойын-сауық кешін ұйымдастыратындармен күресті күшейткен.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды