Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұбайына жиі опасыздық жасайтын мамандық иелері аталды

Опасыздық жасау
Фото: Magnific.com

Ұлыбританиялық жеке детектив Пол Эванс қызметтестерімен көңіл жарастыратын адамдар жиі кездесетін бес мамандықты атады. Ол жұмыс орнындағы роман көбіне адамдардың бір-бірімен ұзақ уақыт бірге болуы мен күйзеліске толы ортада еңбек етуінен басталады деп санайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Metro-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Маман өзінің кәсіби тәжірибесінде кездескен жағдайларға сүйеніп, тізімнің бесінші орнына IT саласының қызметкерлерін қойған.

Детективтің айтуынша, технология мен әлеуметтік желілерге үнемі қолжетімділік мұндай адамдарға құпия хат алмасуды жасыруға мүмкіндік береді.

Тізімге сауда өкілдері де енген. Пол Эванс олардың жұмысы адамдармен тығыз қарым-қатынас орнатуды, сендіруді және келіссөз жүргізуді талап ететінін атап өтті.

Үшінші орында әуе компанияларының бортсеріктері тұр. Детектив мұны олардың жұмыс барысында үйден жиі жырақта жүруімен және әріптестерімен көп уақыт өткізуімен байланыстырады.

Екінші орынға колл-орталық қызметкерлері жайғасқан.

Ал Пол Эванстың тізімінде бірінші орын медицина саласының мамандарына берілген. Оның сөзінше, ұзақ ауысымдар, түнгі кезекшілік пен күйзелісі жоғары жұмыс ортасы әріптестер арасында жақын қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етуі мүмкін.

Детектив өз тәжірибесінде түнгі ауысым кезінде әріптесімен көңіл жарастырған медицина қызметкеріне қатысты істі де тексергенін айтқан.

Айта кетейік, бұл рейтинг ғылыми зерттеу нәтижесі емес. Ол жеке детективтің кәсіби тәжірибесі мен бақылауына негізделген.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 01 Қазан, 2026 15:50