Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Freedom мен ҚМА дроптарға қарсы іс-қимылдың бірлескен кейсін ұсынды

Фридом

Digital Bridge халықаралық форумы қарсаңында "Фридом Банк Қазақстан" АҚ мен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бірлескен кейсі таныстырылды. Бұл кейс ҚМА әдіснамасы мен Freedom Банкінің технологияларын – дроптарға қарсы іс-қимыл платформасы AI-Compliance-ты біріктірудің нәтижесі болды. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстанның қаржы секторындағы қауіпсіздік шараларын күшейту және алаяқтықтың алдын алудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен. Мемлекет басшысы заңсыз капитал әкету елдің экономикалық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін айтқан.

AI-Compliance цифрлық шешімін енгізіп, оған ҚМА әзірлеген әдістемені біріктірудің арқасында Freedom Банкі дроп желілерін қысқа мерзімде анықтай алады.

"Бұл жай ғана банктің ішкі технологиялық жобасы емес. Біз зардап шеккендердің ақшасы криптовалютаға айырбасталып, түпкілікті жоғалып кетпей тұрып, алаяқтық әрекеттерді тоқтатуға мүмкіндік беретін жүйе құрдық. ҚМА-мен бірлескен жұмысымыздың нәтижесін нақты кейстерден көріп отырмыз", – деп атап өтті Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

Жобаны іске асырудағы негізгі мақсат – деректерді жылдам әрі ауқымды өңдеу мүмкіндігі, адамдарды алаяқтардан қорғаудың тиімді тетігіне айналатын жаңа тәсіл қалыптастыру. Күш-жігерімізді, мұқият пысықталған әдіснаманы және технологияларды табысты біріктіру кейсі елдегі қаржылық қылмысқа қарсы күрестің логикасын түбегейлі өзгертеді.

"Негізгі міндет күдікті операцияларды анықтау емес еді. Нарықта мұндай шешімдер жеткілікті. Негізгі қиындық жылдамдықта болды: бұған дейін дроперлерді анықтауға бірнеше ай кететін, ал бір кейсті қолмен талдаудың өзі шамамен бес сағат уақыт алатын. Біз дәлдікті жоғалтпай, бұл уақытты бірнеше минутқа дейін қысқартуды мақсат еттік. Нәтижесінде платформа әрбір күдікті кейс бойынша материалдарды өзі дайындайды. Алайда түпкілікті шешімді әрдайым комплаенс-офицер қабылдайды. Бұл жерде жасанды интеллект адамды алмастырмайды, керісінше оған сол уақыт ішінде бірнеше есе көп кейсті өңдеуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті Freedom Банкінің Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.

Еске сала кетсек, осы жылдың маусым айында Тимур Турлов ҚМА төрағасы Жанат Элимановпен кездесіп, ҚР ҚМА мен Freedom Holding Corp. арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Құжат қаржылық мониторингтің цифрлық құралдарын жетілдіру, талдау және тәуекелге бағдарланған тәсілдерді дамыту, заманауи RegTech-шешімдерді енгізу, сондай-ақ осы саладағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру және сараптамалық бастамаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмысты көздейді.

Дроперлер – қылмыстық жолмен алынған қаражатты шығару үшін өздерінің банк карталарын ұсынатын тұлғалар.

Stan.kz
Бейсенбі, 01 Қазан, 2026 17:39