Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қысым көрсетіп жатыр": Блогер Эльмира Төлегенова Ерболат Жанәбіловпен ажырасып жатқанын айтты

Эльмира Төлегенова Ерболат Жанәбілов
Фото: Видеодан скрин

Блогер Эльмира Төлегенова әлеуметтік желіде күйеуі Ерболат Жанәбіловтың өзіне қысым көрсетіп, телефонын күшпен алуға тырысып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Эльмира Төлегенованың гардероб ішінде тығылып отырған видеосы тарады. Ол күйеуінен және оның туыстарынан жасырынып отырған айтты.

“Күйеуім Ерболат Жанәбілов менің жеке заттарымды, телефондарымды, әлеуметтік желілерімді тартып алғалы жатыр. Қазір мен гардеробқа кіріп, есікті жауып, іште отырмын. Екінші телефонымда 5 пайыз ғана қуаты қалды. Ол қазір осы жерге өзінің туыстарымен, ағайындарымен бірге кірмек. Олар маған қысым көрсетіп, манипуляция жасап жатыр. Өйткені мен олардың отбасысына қатысты қандай да бір ақпаратты әлеуметтік желіге жариялап қоямын деп қорқады. Ол менің барлық стористерімді өшіріп жатыр”, – деді блогер. 

Сондай-ақ ол өзіне күш қолданып, қолдарының қызарып кеткенін көрсетті.

@adalnewsmaker Что происходит в семье Жанабыловых? #жанабыловы #ерасома ♬ оригинальный звук - adalnewsmaker

Жазбаның астында елордалық полиция ресми пікір білдіріп, ерлі-зайыпты арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал болғанын растады.

“2026 жылы 30 қыркүйекте сағат 22:22 шамасында Астана қаласының шағынаудандарының бірінде отбасылық-тұрмыстық жанжал болғаны туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады. Полиция оқиға орнына келген кезде, ақпарат расталды. Ерлі-зайыпты арасында сөзге келіп қалған”, – деп мәлімдеді полиция.

Жанжал барысында күйеуі әйелінің телефонын алып, әлеуметтік желідегі стористерін өшіргенін де атап өтті.

Алайда кейін Эльмира Төлегенова желідегі парақшасында ешкімнің өзіне қол көтермегенін, желіде жалған ақпарат тарап жатқанын айтты. 

“Қазір менің атымнан жалған аккаунттар ашылып, жалған ақпараттар тарап жатыр. Сәл кейінірек бұл жағдайға қатысты пікір білдіремін. Сондай-ақ блогымнан біраз уақытқа үзіліс алатын шығармын. 27 қыркүйекте әжем қайтыс болған еді. Жақында ға қалаға келдім. Арамызда төбелес немесе басқа да күш қолдану болған жоқ. Қазір кейбіреулер жалған ақпарат таратып, жағдайды басқаша көрсетуге тырысып жатыр. Сондықтан бұл жерде қандай да бір хайп іздеудің қажеті жоқ. Ерболат екінші телефонымды алып қоймақ болғандықтан мен гардеробқа кіріп, есікті жауып алдым. Сондықтан бұл жағдайды өз беттеріңізше жорамалдап, бір нәрсе ойдан шығарудың қажеті жоқ. Мен сіздерге бәрін түсіндіремін. Қазір маған өз-өзіме келіп, сабырға түсу керек шығар. Қазір мен үйдемін, балаларым қасымда, жанымда жақын адамдарым бар”, – дейді блогер.

Сонымен қатар ол Ерболат Жанәбіловпен ажырасып жатқанын айтты. 

Істің мән-жайы

Еске салайық, 2026 жылғы 13 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс қарала бастады. Айыпталушылар мен олардың адвокаты сот процесін жабық форматта өткізуді сұрағанымен, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Алайда сот отырысы кезінде БАҚ өкілдеріне фото және бейнетүсірілім жасауға тыйым салу туралы өтініштері мақұлданды.

27 сәуір күні прокурор Олжас Хайруллаев блогерлерге жаңа жаза мерзімін сұрады. Мемлекеттік айыптаушы Ерболат Жанәбіловке Қылмыстық кодекстің 55-бабын қолданып, түпкілікті жаза ретінде 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеуді сұрады.

Ал Эльмира Төлегеноваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын ең төмен қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтеу ұсынылды. Сонымен қатар жазаны өтеу мерзімі 2 жыл кейінге қалдыруды сұрады. Іс материалдарына сәйкес, айыпталушылар лицензиясыз кәсіпкерлікпен айналысып, аса ірі көлемде табыс тапқан. Сонымен қатар оларға қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деген айып тағылған. Кейін судья үкім шығарып, Ерболат Жанәбіловке 2 жыл шартты жаза тағайындалса, Эльмира Төлегенова 2 жыл бас бостандығынан айырылды.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 01 Қазан, 2026 08:16