Шығыс Қазақстан облысының болашақ металлургтері Еуропада мамандық игереді
Берлинде "Казцинк", Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ және Рур университеттері альянсы (UA Ruhr, Германия) арасында үшжақты келісімге қол қойылды. Мұндай келісім "Казцинк" пен техникалық жоғары оқу орны қаңтар айында бірлесіп іске қосқан K’ADAM жобасын дамытудың жаңа кезеңіне жол ашты.
Бағдарлама өндірістің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, білікті мамандар даярлауға бағытталған. Студенттер компаниямен және болашақ кәсібімен бірінші курстан бастап танысып, кәсіпорында практикалық тәжірибе алады және нақты міндеттер бойынша дипломдық жобаларын дайындайды. Оқу барысында оларға компанияның өндірістік бөлімшелерінен кураторлар мен тәлімгерлер тұрақты түрде қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар компания студенттерге қаржылай қолдау көрсетеді.
Келісімнің арқасында K’ADAM бағдарламасының мүмкіндіктері кеңейді. Бағдарламаның үздік қатысушылары халықаралық әріптестердің қолдауымен Германияның бейінді жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өте алады.
“Бастаманың атауы "қадам" деген қазақ сөзінің түйіскен жерінде және К әрпімен – Қазақстан адамы, "Казцинк" адамы деген қызықты тұспалдан туды. Бүгінде K’ADAM-ның жаңа бағыты – K’ADAM International пайда болды. Біз үшін бұл жобаның бірден үш маңызды құрамдас бөлікті біріктіретіні ерекше маңызды: университет, халықаралық академиялық қауымдастықты және бизнесті. Бұндай форматтағы ынтымақтастық жас мамандарға сапалы білім алып қана қоймай, шетелдік тәжірибе алуға, басқа тәсілдермен танысуға және осы алған білімді елімізге әкелуге мүмкіндік береді деп санаймын”, – деп атап өтті "Казцинктің" бас директоры Жанат Жанботин.
Жарнама құқығында
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр
Қазақстандық Ресейге жұмысқа кеткен інісінің Украинадағы соғысқа күштеп жіберілгенін айтып, көмек сұрады
Айнабек: "2-3 күнде алып кетпесеңіздер соғысқа аттандыру басталып кетті"