Қазақстанда теміржол билеттері бағасы төмендеді
1 қазаннан бастап Қазақстанда жолаушылар пойыздарының билеттеріне 10% жеңілдік енгізілді. Жеңілдік жыл соңына дейін барлық вагон түрлеріне және қала маңындағы пойыздарға қолданылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның ұлттық теміржол тасымалдаушысы жолаушыларға жеңілдік ұсынды. 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін жолаушылар пойыздарының билеттері 10%-ға арзандатылады.
Жеңілдік ұлттық тасымалдаушының пойыздарындағы барлық вагон түрлеріне, сондай-ақ қала маңындағы пойыздарға қолданылады.
Яғни күзгі-қысқы кезеңде пойызбен сапарға шығатын жолаушылар билеттерді бұрынғыдан төмен бағамен сатып ала алады.
Жеңілдікпен билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы және теміржол вокзалдарындағы билет кассаларынан алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы білуге болады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда пойыз билеттерін сатудың жаңа жүйесі енгізілетіні туралы жазған едік. Оған сәйкес, бір купеде тек ер адамдар немесе тек әйелдер отырады.
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
