Президент Алматыдағы субұрқақта әйел мен балаларды құтқарған студентті марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақта электр тоғынан зардап шеккен әйелді және екі баланы құтқарған студент Абылай Балапановты “Құрмет” грамотасымен марапаттады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда субұрқақта үш адамның тоққа түскені айтылған еді. Куәгерлердің айтуынша, көмекке 19 жастағы студент Абылай Балапанов барған. 40-50 жастағы ер адам да көмектесті.
Бұл жағдай туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пікір білдірді.
Ал субұрқаққа жауапты ұйым зардап шеккендердің өздерін кінәлады.
"Мені тоқ соға бастады": Алматыда субұрқақтағы адамдарды құтқарған жігіт болған оқиға туралы айтты
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”